1 қыркүйек Білім күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Білім кілті» білімпаздар ойын алаңы танымдық ойынын дайындады. Зияткерлік ойынға № 1 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Байқау бағдарламасы түрлі қызықты жұмбақтар мен тапсырмалар, сыйлықтардан тұрды. Балалар өздерінің қабілеттерін көрсетіп, ең бастысы көптеген жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл-күй алды. Байқау қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті.