Қостанай облысында Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған айтулы іс-шаралар: А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми конференция, Амангелді ауданында «Батырдың биік тұлғасы» атты республикалық конференция өтті.
Конференцияларға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен өлкетанушылар, батырдың ұрпақтары қатысты.
Сонымен қатар, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Халық батыры» атты көрме ұйымдастырды, онда Амангелді Имановтың шөпшегі Зарина Ниязованың әскери тақырыпқа арналған картиналары қойылды. Жас суретші Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына өзінің бір туындысы «Шайқас алдында» картинасын сыйға тартты.