2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Галина Надеинаның «Қылқалам тынысы» атты дербес көрмесі ашылды.
Көрмеге автордың кескіндеме, графика, батик жанрларындағы 45 көркемсурет туындылары ұсынылды.
Көрменің ашылуымен суретшіні ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымының басқарма төрағасы Вадим Быков, Қостанай қаласының Мәдениет бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанова және Қостанай суретшілерінің шығармашылығының жанкүйерлері құттықтады.
Галина Надеинаның «Қылқалам тынысы» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.