Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін56   Кеше61   Бір аптаның ішінде335   Айында190   Барлығы238065  
Жаңалықтар
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Социалистік Еңбек Ері, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қостанай қаласы және Қостанай облысының құрметті азаматы К.Б. Дөненбаеваның өмірі мен еңбек жолында жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.…
10 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Гофрленген қағаздан жасалған гүлдер» атты кәдесыйлар жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының №14 орта мектебінің 4-ші сынып оқушылары қатысты. Балалар гофрленген қағаздан керемет гүлдерді сүйсініп жасады. Бұл шеберлік сабағы кез келген жағдайда…
2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қатардағы жауынгер Байжан Қоржынбаев туралы музей қорындағы жеке заттары, құжаттары және фотоматериалдармен таныстырды. Байжан Қоржынбаев 1898 ж. қазіргі Қостанай…
2021 жылы 7 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09. 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Талқылау барысында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени саласын дамыту жөніндегі тезистеріне…
2021 жылдың 3-ші қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер Одағының «Elorda Art Gallery» көрме залында Қостанайлық суретші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Наталья Халифаеваның «Туған жердің әсемдігі» атты жеке көрмесі ашылды. Суретші-кескіндемеші Наталья Халифаева өз көрмесін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу…
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай қаласында ҚР Тәуелсіздігі кезеңі ескерткіштері бойынша фотосаяхат ұйымдастырды. Музей қызметкері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттеріне қала бойынша экскурсия жүргізді. Шараға қатысушылар…
Білім күні - бұл оқитын және оқытатын барлық адамдар үшін қымбат мереке. Меңдіқара ауданының орта мектебінің оқушыларына және Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне жазу тарихы бойынша онлайн музей сабағы өткізілді. Мектеп оқушылары адамзат өркениетінің пайда болуының…
2021 жылдың 27 тамызында «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы даланың жеті қыры» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсарин, Нұрмағанбет Көкембайұлының (Кейкі батыр) мерейтойларына арналған…
Биылғы жылы Қостанай қаласының құрылғанына 142 жыл толды. Музей қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасы көрермендеріне қаланың дамуының негізгі тарихи кезеңдері туралы ақпарат берді.
29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Әлеуметтік желі оқырмандарына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған «Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет» атты ақпараттық-дайджест ұсынды. https://www.instagram.com/tv/CS_IXhRlGKu/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1130561194101428 https://vk.com/id397862586?w=wall397862586_1660
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі