2025 жылғы 28 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айслу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облысының алғашқы басшылары – Б. Байдақов пен А. Саакян, сондай-ақ 1930-жылдардағы қуғын-сүргіннен зардап шеккен зиялы қауым өкілдері туралы әңгімеледі. Алау телеарнаысынң көрермендеріне музей қорынан алынған фотоқұжаттық материалдар ұсынылды.