Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ғажайыптар әлемі» - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай викторина

27.05.2025
«Ғажайыптар әлемі» - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай викторина
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени-білім беру жұмыстары бөлімінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназиясы» мекемесінде «Ғажайыптар әлемі» атты танымдық викторина өткізді. Іс-шараға мектепалды даярлық тобы – «Құлагер» тобының тәрбиеленушілері қатысты. Балалар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, танымдық сұрақтарға жауап берді. Викторина барысында бүлдіршіндер белсенділік танытып, тапқырлықтары мен қиялдарын көрсетті. Шараның мақсаты – балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, ойлау жүйесін жетілдіру және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.