Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Рудный қаласы музыкалық колледжінің дизайн бөлім студенттерінің «Көп қырлы өнер» атты көрмесі

23.05.2025
Рудный қаласы  музыкалық колледжінің дизайн бөлім студенттерінің «Көп қырлы өнер» атты көрмесі
2025 жылдың 23 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көркем туындыларының Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Рудный музыкалық колледжі» КГКП дизайн бөлім студенттерінің «Көп қырлы өнер» атты көрмесі ашылды. Рудный музыкалық колледжінің дизайн бөлімінің студенттік жұмыстарының көрмесі әр туынды студенттердің жеке көзқарасының, кәсіби өсуі мен көркемдік ізденістерінің жемісі болып саналатын жарқын шығармашылық кеңістік болып табылады. Бүгінгі таңда заманауи өнер - бұл нағыз сарқылмайтын қайнар бұлақ, ол дәстүрлі халық шығармашылығы өнерінің үлгілерінен бастау алады. Көрмеде әртүрлі жанрлар мен техникадағы жұмыстар – графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, интерьер және костюм дизайны жобалары ұсынылды. Мұнда жоғары шеберлікпен орындалған оқу тапсырмаларын да, оқушылардың ішкі жан дүниесі мен шығармашылық ойлауын ашатын өзіндік композицияларды да тамашалай аласыздар. «Көп қырлы өнер» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.