Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы музей деректері» тақырыбында дәріс

28.05.2025
«1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы музей деректері» тақырыбында дәріс
2025 жылдың 28 мамырында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында (31 мамыр) Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Оташева Н.Қ. «Дорожный» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Қиын жылдарды еске алу» іс-шарасына қатысты. Ол ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарына «1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы музей деректері» тақырыбында музей қорындағы архив құжаттары мен фотосуреттері негізінде дәріс оқыды. Музей қызметкері саяси қуғын-сүргін салдарынан Қостанай өңірінен жазықсыз жазаға ұшыраған тұлғалар жайында айтып берді.