30 мамыр күні А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде «Өнер шабыттандырады – шабыттандыруды үйретеміз!» атты бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне арналған тағылымдамалық алаң өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар педагогикалық тәжірибе алмасып, өнерді оқытудағы заманауи тәсілдерді талқылап, практикалық сабақтарға қатысты.
Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – музей қызметкері Қ.Б. Бейісовамен өткен шығармашылық кездесу болды. Ол «Dot-Art» техникасы бойынша (нүктелі бейнелеудің бір түрі) қызықты шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар бұл техниканың ерекшеліктерімен, көркемдік мүмкіндіктерімен танысып, этникалық және заманауи элементтерге негізделген өздерінің сәндік композицияларын жасады.
Тағылымдамалық алаң педагогтар үшін шабыт көзіне айналып, кәсіби шеберліктерін арттыруға және оқушылармен жұмыс істеуге арналған тың идеялар алуға мүмкіндік берді.