2025 жылдың 2 маусымында мұражайда «Туған жердің қазынасы» атты қызықты квест өтті, онда «Жітіқара ауданының арнуалы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері туған жерінің нағыз зерттеушілері болды. Ежелгі дүниеден қала тарихына дейінгі бес тақырыптық станциядан өтіп, қатысушылар жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді және сипаттамаға сәйкес экспонат іздеді. Әрбір аяқталған кезең балаларды соңғы бекетке жақындатты. Балалар тапқырлық, қызығушылық, белсенділік танытты. Квест қатысушыларға жаңалық ашу қуанышын, топтың бірлігін және көптеген жағымды әсерлер сыйлады.