«Мерейлі наурыз шашуы» фольклорлық-этнографиялық мереке

20.03.2019
«Мерейлі наурыз шашуы» фольклорлық-этнографиялық мереке

18 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мерейлі наурыз шашуы» атты фольклорлық-этнографиялық мереке өтті. Бүгін де "Наурыз мейрамы" мерекесі Қазақстанда тұрып жатқан көпұлтты халықтардың барлығына бірдей қымбат. Ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен тығыз байланысты, ұлттық рухты көтеріп, көне қазақ әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еске түсіреді.

Іс-шара барысында музей қызметкерлері қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін, тағам дайындау әдістерін және дәстүрлі мерекелік тағамдарды сақтау ережелерін көрсетті. Іс-шараға қатысушылар қазақ халқының ұлттық тағамдарының құндылықтары туралы қызықты әңгімелермен бірге, жасалынған тағамдардан ауыз тиюге мүмкіндік алды. Іс-шараға келген қонақтар көне қазақ ұлттық ойындары «Жілік сындыру», «Асық ойнау», «Ләңгі тебуге» қатысты. Мерекенің басты тағамы наурыз көжеден дәм татты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін4   Кеше78   Бір аптаның ішінде82   Айында1153   Барлығы167064  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі