Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін209   Кеше234   Бір аптаның ішінде1582   Айында702   Барлығы309860  
Жаңалықтар
2023 жылғы 2 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстан рәміздері - ел тарихы» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мультимедиялық бенефис өткізді. Шараға КММ «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығының» қарттар мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге үйде…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақтың сиқырлы әлемі» танымдық ойын бағдарламасын дайындады. Зияттық ойынға №2 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Сайыс бағдарламасына жұмбақтар, тартысты ойындар, ойжұмбақтар, сыйлықтар кірді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ең бастысы көптеген жағымды эмоциялар мен…
3Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Сиқырлы әшекей» атты былғары мен жұқа киізден әшекейлер дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Киіз бен былғары жұмсақ әрі қолдануға ыңғайлы. Оларды желімдеу, тігу, кесу, бүктеу оңай және балалар шығармашылығына…
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ жоғары санатты әдіскер А.М. Нығметжановаға мінездеме Нығметжанова Айгүл Мейрамқызы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің жоғары санатты әдіскері. Айгүл Мейрамқызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген, әдістемелік ұсынымдарды, шығармашылық жетекші мәтіндерді, музей…
2023 жылдың 24 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Өміржанова Дина Алау телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасында күні кеше ашылған А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Бояулар үн қатқанда» көрмесі жайлы баяндап берді. Көрермендерді жас суретшілердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
Колбина Алина Викторовна Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2007 жылдан бері ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Білімі - жоғары. Қазақстанда сирек кездесетін ғылыми палеоантрополог маман А.В. Колбина елеулі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. А.Байтұрсынұлы атындағы ӨМУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ә.Х.Марғұлан (Алматы) атындағы археология…
2023 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Бояулар үн қатқанда» көрмесі ашылды. Көрмеге 80-нен астам көркемсурет туындылары қойылды. Бұл студенттердің кескіндеме мен графиканың әртүрлі…
Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2023 жылғы музейлер күнінің тақырыбы - «Музейлер, тұрақтылық және…
2023 жылдың 17 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қуанышбай Аружан Алау телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасында Халықаралық музейлер күнін тойлау аясында өткізілетін «Музей түні-2023» интерактивті жобасы туралы баяндап берді. Сұхбат барасында жоспарланған іс-шаралар жайлы да атап өтті.
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі