Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін43   Кеше52   Бір аптаның ішінде43   Айында1144   Барлығы165135  
Жаңалықтар
XXI ғасырда қағаз хаттар қажеттілігі азайып, ашық хаттар, құттықтаулар ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып электронды түрде жіберіліп жатады. Әр мереке сайын достарымыз бен туыстарымызды құттықтап, ашық құттықтау хаттарын почта байланысы арқылы жіберу заман талабына еріп алшақтап барады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ретро…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаеваның «Табиғат – әсемдік әлемі» атты дербес көрмесі ашылды. Өзінің 50 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған көрмеге автодың 100-ге жуық…
Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы аязды күндерде, қысқы мерекелер - Жаңа жыл мен Рождество қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында «Қысқы көріністер» көрмесі ашылды. Көрмеде өз жұмыстарында қыс тақырыбын қозғайтын суретшілердің туындылары ұсынылған. Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы аязды күндерде, қысқы мерекелер…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімі залында суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаева батик техникасы бойынша А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларына шеберлік сағатын көрсетті. Облыстық және республикалық көптеген көрмелердің қатысушысы,…
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 27 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. 2018 жылдың 13 желтоқсанында музей қызметкерлері Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Қостанай…
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. 2018 жылы 11 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері…
2018 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Боровской өнер мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне арнап ұйымдастырылған «Туған жер» іс-шарасына қатысты. Шара барысында музей қорынан «Дала әуені» атты көркемсурет көрмесі қойылды және музей қызметкерлері шыныға құммен сурет…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ археологиялық зертханасымен бірге Торғай өңірінің бірегей геоглифтерін зерттеу, ғылыми сипаттау және танымал ету мақсатында экспедиция ұйымдастырды. Бірегей археологиялық зерттеулер тарихы жөніндегі ақпараттық…
2018 жылдың 30 қарашасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Рухани Қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай суретшілерінің «Пленэр – 2018» көрмесінің ашылуы болды. 2018 жылы Қостанай суретшілері облыстың Амангелді, Қостанай, Меңдіқара аудандарында болды. Суретшілер табиғатта жұмыс істеп, оның әртүрлі уақыттардағы өзгерістерін…
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең қауіпті және барлық жерге жететін әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызуға болады. Жастардың бойында сыбайлас жемқолыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жастар шығармашылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты көрме ашылды. Көрмеге А.…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі