Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

Терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау.

Террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимыл 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.

Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылы басталатынын атап өту қажет.

http://knb.gov.kz/kk/article/terrorizm-aktilerinin-zasalu-kauip-kateri-kezinde-halyktyn-reket-etu-kagidattary?q=/ru/article/pravila-povedenia-naselenia-pri-ugroze-soversenia-soversenii-aktov-terrorizma

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін164   Кеше124   Бір аптаның ішінде559   Айында1828   Барлығы230726  
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі