Костанай облысы туралы ақпарат

Қостанай облысы 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды. Облыс аумағы – 196,0 мың км², халқы 01.09.2020 жылға 866,5 мың адамды құрайды.

Аймақтың табиғат ландшафтары көркем және сан алуан: орманды дала, дала, шөлейттер мен шөлдер. Облыста 5 мыңға жуық көл бар, бұл Қазақстанның барлық көлдерінің үштен бір бөлігін құрайды. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Қостанай облысының інжуі болып табылады, оның жаратылыстағыдай даласы және бірегей қарағайлы ормандары бар. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген қорықтың кең аумағы Азиядағы ең үлкен сулы-батпақты жерлерді мекендейтін құстардың қажетті өмір сүру кеңістігін қамтамасыз етеді. «Алтын дала» табиғи резерватының құрамына кіретін антропогендік әсерге ұшырамаған Торғай даласының табиғаты айрықша көркем. Жарсор-Орқаш мемлекеттік табиғи қорықшасы орнитологтар үшін жерұйық болып табылады. Ашутасты өзеніндегі жартастар экзотикалық геологиялық нысандарымен (шар тәрізді лавалары, гипс раушандары, алып монокристалдар) туристер, табиғат әуесқойлары үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Қостанай облысы ұлттық-мәдени мұраға бай, оның аумағында 1141 тарих және мәдениет ескерткіші, 38 киелі және ескерткіш нысандары бар.

Бұл - қазақ тарихында көптеген елеулі оқиғалар өткен қасиетті жер, қазақтың даңқты тұлғаларының – дана билері мен ержүрек батырларының кіндік қаны тамған жер. Қолбасшы, жоңғарлармен болған шайқастардың батыры Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы қазақтардың арасында алғашқы болып тархан құрметті атағын алған. Қостанай жерінде Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі шайқастары өтті. 1916 жылы Амангелді Иманов пен Кейкі батыр туған халқының бостандығы үшін шайқасты.

Ұлы ғалым және саяхатшы Шоқан Уәлиханов, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі бүкіл әлемге танымал болды. Қазақ тәуелсіз мемлекетінің бастауында көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлер Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов тұр. Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылар, біздің жерлестеріміз  - Елубай Өмірзақов, Серәлі Қожамқұлов, Қапан Бадыров. Қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев пен композиторлар Бақытжан Байқадамов, Әбілахат Еспаевтар біздің өлкемізден шыққан. Жерлестеріміз Спандияр Көбеев, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Мәриям Хакімжанова, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков және т.б. қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.

Қостанай өңірі табиғаты мен көптеген ұрпақтардың қажырлы еңбегі арқылы Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі мал шаруашылығының алдыңғы қатарына және орасан зор Еуразия құрлығының сарқылмас астық қорына айналды. Әлемнің ондаған еліне жеткізілетін Қазақстанның бидай экспортының үшінші бөлігі - біздің облыстың алтын дәні.

Қостанай жері - пайдалы қазбалардың бірегей қоймасы: темір және құрамында алтыны бар кендер, хризотил-асбест, бокситтер, титан, никель, мырыш, көмір, құрылыс материалдары, қаптама және әрлеу тастары. Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінде жетекші орындарды «Қостанай минералдары» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «Казогнеупор» ЖШС, «АгромашХолдинг» ААҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Баян сұлу» ААҚ алады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін74   Кеше79   Бір аптаның ішінде74   Айында1894   Барлығы209335  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі