Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының көркем және қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы

20.03.2019
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының көркем және қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы

Қосымша білім бүгінгі күні – жеке тұлғаны дамытуға бағытталған әдіске негізделген оқытудың креативті түрі.

19 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ашылған «Ата салтым - асыл мұрам» атты көркемөнер көрмесі Жастар жылына және Әз Наурыз мерекесіне арналды. Көрмеге Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-12 сынып оқушыларының 70-ке жуық шығармалары қойылған.

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының үздік жұмыстары республикалық және облыстық деңгейдегі көрмелерге ұсынылып, «Қазақстан - жаңа әлемде» атты ХІ республикалық көркемсурет байқауында (Астана қаласы, 2016 ж.); «CASPIAN YOUTH FORUM Жас. Жалын. Жаңғыру» Каспий маңы мемлекеттерінің І Халықаралық жастар форумы аясындағы шығармашылық жұмыстардың көрме-жәрмеңкесінде (Ақтау қаласы, 2017 ж.); «Наурыз - көктем мейрамы» байқауында (Астана қаласы, 2017 ж.); «Астана - Ұлы дала астанасы!» республикалық көркемсурет байқауында (Астана қаласы, 2018 ж.); бейнелеу және сәндік өнердегі жас авторлардың VІІІ облыстық «Жас толқын» байқауында (Қостанай қаласы, 2018 ж.) марапаттарға ие болған.

Көрмеге қойылған жұмыстар - бұл дәстүрлі ұлттық мәдениетті қазіргі заманғы құралдар арқылы шығармашылықпен жеткізеді, киізден жасалған суреттер, жұқа киізден жасалған бұйымдар, шиден өрілген заттар, сәнді қыш, қолдануға болатын авиаүлгілер, папье-машеден және квиллинг техникасында жасалған бұйымдар көрермендерге қуаныш сезімін сыйлайды, сондай-ақ балалардың ұшқыр қиялы және шеберлігі барша жұртты тәнті етеді.

«Ата салтым - асыл мұрам» көрмесінің салтанатты ашылуында Назарбаев зияткерлік мектебінің күміс көмей әншісі, халықаралық «Алтын микрофон», «Бозторғай» байқауларының жеңімпазы, «Вокал» үйірмесіне қатысушы Әлия Намиялиева «Наурыз» әнімен және «Тұмар» би ансамблі «Шаман» биімен өнерлерін көрсетті. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сондай-ақ «Монопринт» техникасымен сәнделген футболкаларының креативті дефилесін көрсетті.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін21   Кеше139   Бір аптаның ішінде160   Айында2181   Барлығы172626  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі