«Өлеңі - өмір айнасы» ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толуына арналған портрет кеш

29.03.2019
«Өлеңі - өмір айнасы»  ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты,  Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толуына арналған  портрет кеш

Ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толу мерейтойына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Өлеңі - өмір айнасы» атты портрет-кеш өткізді. Кешке мерейтой иесі Н.О.Мұқатов және қостанайлық ақын-жазушылар, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері қатысты. Ерекше жылы ортада өткен кеш барысында қазақтың қара сөзінің қадірін жетік меңгерген ақын Нағашыбай Оразбайұлының шығармашылығы дәріптелді. Музей директоры Үміт Бламбекқызы ақынды меретойымен құттықтады. Кештің арнайы қонағы ақын Ғұмар Ахметчин мерейтой иесінің журналистика саласындағы еңбегі жайында қызықты мәліметтер айтты, танымал әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің орындауындағы Нағашыбай Оразбайұлының өлеңіне жазылған әндері кештің ажарын ашты. Кеш соңында жас буын Н.Мұқатовтың фотосуреттері, түрлі басылымдары, марапаттары қойылған шағын көрмемен танысты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін172   Кеше256   Бір аптаның ішінде723   Айында1680   Барлығы172125  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі