Кәкен Күсеновтің «Суреттер сөйлейді» дербес көрмесінің ашылу

27.07.2018
Кәкен Күсеновтің «Суреттер сөйлейді» дербес көрмесінің ашылу

2018 жылы 27 шілдеде Кәкен Күсеновтің «Суреттер сөйлейді» атты дербес көрмесінің ашылуы болды. Суретші көрмені өзінің 60 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырды. Дербес көрмеге 30-дан астам кескіндеме туындылары қойылды.

Кәкен Күсенов Алматы облысы Ақсу ауданының Арасан ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін «Қапал-Арасан» шипажайында, Торғай боксит кен басқармасында және өзге де кәсіпорындарда суретші-көркемдеушіболып жұмыс істеді. 1989 жылдан 1994 жылға дейін Арқалық педагогикалық институтында көркем-графика бөлімінде оқыды, оқуды аяқтағаннан кейін кескіндеме кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді, алғашқы дербес көрмесі де сол оқу орнында ашылды.

Суретші көрермендермен сөз арқылы емес салған суреттері арқылы тілдеседі, себебі ол айтқысы келген ойын сызықтармен, түстермен кенеп бетіне өте айқын түсіреді. Ол туындыларында өзінің әлеммен, табиғатпен, өз өзімен бірігуін тұрақты іздейді және сол сәттерді бейнелейді.

«Суреттер сөйлейді» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін46   Кеше78   Бір аптаның ішінде211   Айында1745   Барлығы169763  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі