«Қасіретті жылдар естелігі»

02.06.2013
«Қасіретті жылдар естелігі»

2013 жылдың 30 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар естелігі» атты кеш өтті. Қостанай пединститутының және медициналық колледжінің студенттері алдында республикалық «Құқықтық Қазақстан үшін» азаматтық қозғалысы облыстық филиалының өкілдері, қуғын-сүргінге ұшыраған қостанайлықтар туралы кітап авторлары ҰҚК-нің отставкадағы генерал-майоры М.Ю.Дәуенов және ҰҚК-нің отставкадағы подполковнигі Ғ.Н.Мәулетов сөз сөйледі. Репрессия жылдарының тауқыметін тартқан туыстары жайында С. П. Борзенкова естелік айтты.

Аталған тақырыптағы мұражайдың іздестіру-зерттеу жұмыстары жөнінде тарихи-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі В.А. Федоренко әңгімеледі. Мұражай қорындағы материалдардан 1930 – 1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы «Енді құпия емес» атты көрме қойылды. Кеш барысында мұражай және мұрағат қорынан алынған фотосуреттер мен құжаттардың компьтерлік тұсаукесері көрсетілді.

Галерея изображений

02062013_01.jpg 02062013_02.jpg 02062013_03.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін34   Кеше256   Бір аптаның ішінде585   Айында1542   Барлығы171987  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі