Оралдың жас дарындары

24.05.2013
Оралдың жас дарындары

2013 жылдың 23 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Оралдың жас дарындары» атты көрме ашылды. Көрмеге 143 өнер туындысы қойылған, олардың әрқайсысы бірегей дизайнмен, жаңалығымен, көркемдік тілінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Оның ішінде 127 бұйым – 1982 жылдан 2012 жылға дейінгі отыз жыл ішінде студенттердің қолынан шыққан Орал сәндік-қолданбалы өнер және дизайн колледжінің (Нижний Тагил) оқу-әдістемелік қоры жиынтығындағы үздік дипломдық шығармашылық жұмыстар.

Бұлар - гүлді өрнек пен көп қатпарлы кескіндеме, Демидовтер портреттері мен кен-зауытты кенттің бұрынғы көріністері бейнеленген тагилдік жайпақ табақтар; Оралдың асыл тастарынан жасалған зергерлік әшекейлер мен сәндік пластика; қайың қабығынан жасалған қораптар; бойтұмар-қасықтар; киізден жасалған паннолар.

Көрмеге тагилдіктермен бірге қыштан бейнелі композициялар және ыстық эмаль техникасында суретті паннолар жасаған Екатеринбургтегі Ресей мемлекеттік кәсіптік педагогикалық университетінің көркемсурет мамандығының студенттері де қатысады. Көрме өз жұмысын 2013 жылдың 23 маусымына дейін жалғастырады.

Галерея изображений

25052013_01.jpg 25052013_02.jpg 25052013_03.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін187   Кеше201   Бір аптаның ішінде718   Айында1828   Барлығы175874  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі