Қостанай шеберлері жұмыстарының «Қолөнер сиқыры» атты көрмесінің ерекше мәні бар – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ашылғалы отыр.
Қолөнер – ежелден келе жатқан халықтық құндылықтардың бірі. Халық шеберлері бұйымдарда біздің ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптарын бейнелеп, тәжірибелік мүмкіндік пен сұлулық үйлескен заттарды жасайды. Ежелгі шеберлердің көптеген құпиялары, өкінішке орай жойылды, бірақ сақталып қалған және бізге жеткендері көне өнердің ғажайып, бірегей әлемін ашады.
Көрмеде қостанайлық шеберлердің тығыз, жарма кестелермен және моншақтармен сәнді әшекейленген қолөнер бұйымдары ұсынылады.
«Қолөнер сиқыры» көрмесі «Квадрум» багет шеберханасының жетекшісі Александр Намның бастамасымен бірнеше жыл бойы қостанайлық кесте тігушілер үшін өткізілетін көрме -байқау.
Көрермен көркемдік шеберлікпен, жұмыстың нәзіктігімен, шабытпен, тақырыптар мен жанрлардың алуан түрлілігімен таң қалдыратын hand made өнер туындыларын көруге мүмкіндік алады. Бұл - табиғаттың қайталанбас сұлулығын, түрлі - түсті натюрмортты және ұлттық нақыштағы тамаша композицияны жеткізетін әдемі пейзаждар.
Қазіргі уақытта кесте - өнердің көне түрлерінің бірі - қайтадан танымалдық шыңында. Қолөнер шеберлері ұлттық мұраның қазынасынан керемет үлгілерді ала отырып, жаңа бағыттар мен тенденцияларды зерттейді, авторлық сәнді тігістер жасайды.
Кесте тігу өнері қазіргі әлемде өзінің құндылығы мен өзектілігін жоғалтпайды, себебі қолдан жасалған заттар ғана адам жанының жасампаздық энергетикасы мен жылуын жеткізеді.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бұл өнер нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.
Бисерді таңдау – үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты маржан моншақтың қандай түрін, қанша мөлшерде алуды, қандай түсін таңдауды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті тандай білу қажет.