Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Кең-байтақ туған жер» - Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Пленэр – 2021» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрме

09.11.2021
«Кең-байтақ туған жер» - Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Пленэр – 2021» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрме

2021 жылы 29 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Кең-байтақ туған жер» атты «Пленэр – 2021» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрмесі ашылды.

Экспозицияда «Пленэр – 2021» жобасына қатысушы қостанайлық суретшілердің 50-ден астам жұмысы ұсынылды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қостанай облысының 85 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 26-30 шілде аралығында қостанайлық суретшілер пленэрге Ұзынкөл ауданына барды. Сапардың мақсаты эскиздік пейзаждар жазу болды. Аталған жоспарлы іс-шараға ҚР Суретшілер одағының мүшелері, суретші-кескіндемешілер Вадим Быков, Александр Захарченков, Светлана Медведева, суретшілер Дмитрий Шалунов, Анатолий Счастливцев, Олег Кусков, Лариса Багриенко, Елена Николенко және жас авторлар Оксана Тренина мен Алина Николенко қатысты.

Көрмеде Ұзынкөл ауданының - ақ қайыңдар мен бірегей көлдер өлкесінің қорықтық және әдемі табиғи ландшафтарының эскиздері, этюдтері мен пейзаждық композициялары ұсынылған. «Жарқын шалғын», «Шуақты күн», «Қорық көлі», «Күн батқан кездегі Ұзынкөл», «Пресногорьковка ауылының Әулие Никольская шіркеуі», «Ұзынкөл жолы» - бұл көрерменге қоршаған табиғаттың өмірін ерекше сезім мен бақылау мүмкіндігін беретін қызықты жұмыс туралы айтатын жұмыстардың шағын тізімі.