Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас толқын-2021» Республикалық байқауының қатысушылары мен лауреаттарының жұмыстарының көрмесі

10.11.2021
Бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас толқын-2021» Республикалық байқауының қатысушылары мен лауреаттарының жұмыстарының көрмесі

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері, фольклоршы, ғалым-этнограф 1841 жылы 20 қазанда (жаңа күнтізбе бойынша 1 қараша) Торғай облысының Николаев уезінің Арақарағай болысында, қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген.

Оның қазақ халқының білімін және білім беруді дамытуға қосқан үлесі баға жетпес. Ол қазақ балалары үшін алғашқы мектептерді ұйымдастырды, онда балалар тек сауаттылыққа ғана емес, қолөнерге де үйренді.

Шығармашылық туынды жасауға Ы.Алтынсариннің өмірбаянындағы нақты деректер мен оқиғалар және мұрасы; оның кәсіби қызметі; ғылыми, педагогикалық және әдеби шығармалары; достары, әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары; ағартушының есімімен байланысты естелік және мемориалдық орындар (Ы. Алтынсарин атындағы музей, Кесене, «Омар құдығы» (Қостанай облысы Алтынсарин ауданының аумағындағы киелі нысан), көшелер, мектептер және оның есімімен аталған немесе оған арналған басқа да нысандар және басқалар) шабыт көзі бола алады.

Байқау жұмыстарын қарау кезінде басымдық мәлімделген тақырыпты неғұрлым толық ашу бойынша айқындалды.

Көрме экспозициясына түрлі техникада, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларында орындалған қатысушылардың 100-ден астам жұмыстары ұсынылған.

«Жас толқын – 2021» байқауына қатысуға Қостанай облысынан және Қазақстанның басқа өңірлерінен жас суретшілердің 103 өтінімі қабылданды. Қостанай облысы Қостанай, Лисаков, Қашар, Тобыл, Жітіқара қалаларынан, сондай-ақ Қостанай, Федоров, Әулиекөл, Денисов, Сарыкөл аудандарынан қатысушылармен ұсынылған. Конкурсқа қатысуға Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарынан өтінімдер қабылданды.