Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Туған жердің әсемдігі»

08.09.2021
«Туған жердің әсемдігі»

Суретші-кескіндемеші Наталья Халифаева өз көрмесін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мереке аясында ұйымдастырып отыр. Жеке көрмеде майлы бояумен туған жердің әсемдігін бейнелеген кескіндеме туындылары, сонымен қатар пейзаж, натюрморт пен тақырыптық композициялар ұсынылады.

Наталья Халифаева – Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, облыстық және республикалық көптеген көрмелердің қатысушысы, 12 жеке көрменің авторы. Суретшінің шығармашылығы ауқымды, кең және көп жылдық мол тәжірибесі бар. Суретші Н. Халифаева кескіндемені май және акварель техникасында орындайды, сәндік-қолданбалы өнерде, батик пен металға өрнек салады.

Наталья Халифаеваның туған жеріне арналған пейзаждық циклінің тақырыбы сан алуан. Суретшітабиғатты нәзік сезіне отырып, қоршаған ортадан алған әсерін кенепке жігерлене түсіреді. Суретшінің туындыларын тамашалағанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Көктем мезгілі, жаратылыстың жайдары жазы, сары ала күзі, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Олар лирикалық көңіл-күй мен сұлулыққа толы. "Үйлесімділік, кемелдік, реттілік, әсемділік" дәл осы сөздермен көрермендер Халифаеваныңтуындыларына таңданысын жиі білдіреді", - деп жазады Қостанайлық суретшілердің бірі Владимир Барабанов.

Шебердің натюрморт жанрындағы пейзаждық жұмыстары кенепте жақсы үйлесім табады. Натюрморт - шебердің сүйікті жанрының бірі. Оны сонымен қатар қазақ үлттықмәдениетінің алуан түрлі әлемі қызықтырады. Композицияларды шешуде қаныққан ашық түстер осы сиқырлы әлемді көрсету мүмкіндігін аша түседі.

Наталья Халифаева туындыларында өзін нәзік лирик ретінде көрсетеді, туған табиғатымен бір-біріне деген айрықша құрметпен диалог жүргізеді, ол ішкі толғанысқа, табиғатқа пайыммен қарауға және әсемдікке толы.

Галерея изображений