Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Балалар әлемді бейнелейді». А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының көрмесі.

21.04.2022
«Балалар әлемді бейнелейді». А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының көрмесі.

А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Балалар әлемді бейнелейді» атты көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылы жариялаған Балалар жылына және айналадағы алуан түрлі және таңқаларлық түрлі-түсті әлемді баланың көзқарасымен бейнелеу тақырыбына арналған.

Бейнелеу өнері залында көрме өткізу бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр. Көркемсурет мектебі 2008 жылдан бастап жыл сайын өз оқушыларының шығармашылық жұмыстарын қостанайлық көрермендер мен қала және облыс қонақтарына ұсынып келеді. Биылғы жылы көрмені ұйымдастырушылар алғашқы рет жас шамалары 9 бен 16 жас аралығындағы қатысушыларды  қамтуды ұйғарды. Биылғы жыл ерекше жыл - ел Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін айтты және  олардың амандығы - Қазақстанның жарқын болашағының сенімді кепілі деді.

«Балалар әлемді бейнелейді» көрмесінде мектеп бітірушілер ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі түрлері мен жанрларында бейнеленген 100-ден астам жұмыстары ұсынылады. Бұл акрил, батик, витраж, қабық, флористика, журналдық аппликация, көп қабатты аппликация, сұйық тұсқағаз, ермексаз және тағы да басқа әртүрлі техникада орындалған кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы композиция. Экспозицияның негізгі бөлігін 2021 жылғы түлектердің дипломдық жұмыстары құрайды. Олардың дипломдық жобалары - оқушылардың оқу жылдарында алған барлық білімдері мен дағдыларын жүзеге асырудың өзіндік нәтижесі болып табылады және олардың бірегейлігі жұмыстардың көпшілігі қашықтағы форматта дайындалғандығында. Мектеп түлектері өз жұмыстарында шығармашылық шеберліктерінің жоғары деңгейін және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін көрсетті.

 

Балалардың туындылары бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрларында ұсынылған және балалар әлемді ерекше қабылдап, асқан сүйіспеншілікпен бейнелеген. Жас суретшілердің картиналарын тамашалаған көрермен түстердің қанықтығын, позитив пен қуаныш энергиясын, туған жерге деген сүйіспеншілік пен болашаққа деген көзқарасты анық сезінеді. Туындылар орындалуының өзіндік ерекшелігімен, эмоционалдық байлығымен және өзін-өзі көрсету тереңдігімен баурап алады.