Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шебердің қылқалам өрнектері» Суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшиннің 85 жасқа толуына арналған мерейтойлық дербес көрмесі

31.05.2022
«Шебердің қылқалам өрнектері» Суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшиннің 85 жасқа толуына арналған мерейтойлық дербес көрмесі

Белгілі қостанайлық суретші Николай Васильевич Торшиннің 85 жасқа толуына арналған «Шебердің қылқалам өрнектері» атты мерейтойлық дербес көрмесі - бейнелеу өнеріндегі кескіндеме және графика шеберінің жарты ғасырдан астам еңбегінің өзіндік шығармашылық есебі  іспеттес. Ол Қазақстан Республикасының және Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан еңбегі   үшін қостанай меценаттар Клубының «Қазына» сыйлығымен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Астана» медалімен,  Елорда Суретшілер одағының «Құрмет» төсбелгісімен марапатталған.

Урицкий (қазіргі Сарыкөл) ауданында туып-өскен Николай Торшинді кең байтақ жергілікті жердің сұлулығы бала кезінен баурап алған. Алматы көркемсурет училищесіндегі оқу, қостанайдың көркемсурет-өндірістік  шеберханаларындағы көп жылғы еңбегі тамаша пейзажшы болып қалыптасуына ықпал етті. 

Николай Васильевич Торшин - туған жерінің әсемдігіне ғашық болған, оны жан-жақты және асқан нәзіктікпен суреттеген классикалық мектептің кескіндемешісі. Оның поэтикалық пейзаждары күн нұрына бөленіп, үміт сезімі мен жылы естеліктер жеткізеді.

 

Николай Торшин әртүрлі жанрлар мен техникада мыңдаған туындылар жасады. Оның шығармалары шеберлігімен және сызықтарының анықтығымен,  дүниені қабылдау қуанышымен және түстер үйлесімімен таң қалдырады.   Көрмеде өз басынан кешкендерімен және алған әсерлерімен бөлісетін туған жерінің танымал жыршысының шығармашылық палитрасы өзінің барлық байлығымен және алуан түрлілігімен ұсынылған. Көрмеге кескіндемелік станоктық жұмыстар мен этюд композицияларынан басқа автордың графикалық суреттерінің мол жиынтығы қойылған.