Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Үштоғай төрттағаны» геоглифі

11.02.2020

Құпиялы Торғай геоглифтері дүниежүзі ғалымдарының назарын өзіне аударды. Геоглифтер - бұл жер бетіндегі бедерлі геометриялық және пішінді өрнектер, аспаннан айқын аңғарылады. Археолог-ғалымдардың болжамы бойынша геоглифтер ырым-жоралық мәндерге ие. Нысандар жайлы алғашқы ақпарат 1909 жылы Орынбор ғылыми архив комиссиясының жалпы жиналысында берілді. 2007 жылы қолжетімді Google Earth [Гуглёрс] бағдарламасындағы ғарыштан түсірілген суреттерге зерттеу жүргізген Дмитрий Дей қорған түріндегі үйінділерден құралған геометриялық нысандар қатарын тапты, солардың ішіндегі ең белгілісі Үштоғай төрттағаны. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің архелогиялық зертханасының қызметкерлері Андрей Ло́гвиннің жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізді.

«Үштоғай төрттағаны» геоглифі - жалпы ұлттық маңызы бар нысан. Ол Амангелді ауданында,Үштоғай ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан, белгіленген диагональдармен геометриялық пішіндерді білдіреді. Төрттаған шетінің ұзындығы 287 метр, диагоналінің ұзындығы 406 метр. Диаметрі 10-12 метр, биіктігі бір метр болатын жүз бір үйіндіден тұрады. Үштоғай төрттағаны қазақстандықтар және шетел туристері арасында ерекше танымдылыққа ие. Эзотериялық ілімді ұстанғандар геоглифті «күш беретін орын», адам мен ғарыштың энергетикалық байланыс арнасы деп есептейді.

Галерея изображений