Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Рухани жаңғыру

30.01.2020

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл - ел өмірінің барлық саласын қамтитын, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба.

«Рухани жаңғыру» залында жалпыұлттық бағдарламалардың негізгі жобалық бағыттары ұсынылған: «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі», «100 жаңа оқулық», «Заманауи Қазақстан мәдениеті».

Қоғамдық сананы жетілдіру мақсаттары арасында ерекше орынды «Қазақстанның киелі жерлері» немесе «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы алады.

Киелі нысандар ретінде табиғи ландшафт пен мәдени мұралардың, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасындағы стендте Қазақстанның киелі орындарының, тарихи-мәдени ескерткіштерінің фотосуреттері ұсынылған. Бұлар: Таңбалы тас петроглифтері, Отырардағы «Арыстан баб» кесенесі, Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесі, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені, Ұлытаудағы «Алаша хан» кесенесі. Сонымен қатар «Тобыл-Торғай мұрасы» экспедициясының Қостанай облысы бойынша киелі нысандарға жұмыс сәтінен фотосуреттер көрсетілген. 

Қостанай облысының киелі жерлері картасына 10 жалпыұлттық маңызы бар және 28 жергілікті маңызы бар нысандар енген. Оларды насихаттау үшін музейде Қостанай облысының киелі нысандарының макетін жасау жобасы жүзеге асырылды.