Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Көшушілер басқармасы (балалар-жас өспірімдер олимпиялық қор мектебі)

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы эклектик элементтері пайдалана отырып салынған азаматтық сәулет ескерткіші. Ғимараттың сыртқы келбеті ішінара жоғалған, қасбеті ішінара бұзыла бастаған, сәулет элементтері сақталған.

1964 жылдан бері қоныс аудару басқармасы ғимаратында жыл сайын 300 оқушы оқытатын балалар-жасөспірімдер (грек-рим күресі) олимпиядалық қор мектебі орналасқан. 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіштің мерзімделуі: XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 124

Кірпіштен, сыланбаған  бут іргетасында салынған. Көлемді-жоспарлық сипаттамасы – бір қабатты, жоспарда тік бұрышты, шатыры екі скатты, екі залы бар (22 х 12 м и 10 х 9,5 м) бірнеше қызметтік және шаруашылық бөлмелері бар.

Фронталды композиция  тегіс аркада түрінде  келтірілген, кенере астының пішінделген белбеуіне дейін келіп ортасына қарай әрбір арка  үзіледі. Қасбеттердің тік бөліктері қабырғалардың түйіскен жеріндегідей лопаткаларды аяқтап тұр. Композициялық байланыста да аркадамен салынған.

Тік бұрышты кескіндермен аяқталған фронтондар және ортасындағы бір терезелік ойықпен бөлінген кескінделген сәнді жетектердің жанында үлгі кірпіштерді қолдана отырып және бетінің периметрімен зигзаг түріндегі белбеумен әшекейленген.

Жоспарланған өлшемі – 23,5 м х 47 м.  Құрылыс биіктігі –7,5 м. Көлемі – 1084,5 м3