ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстан қалаларындағы құрылысқа тән орыстың тұрғын жай сәулеттік ескерткіші. Ғимарат 1908 жылы тас сәулет өнері дәстүрі бойынша тұрғызылған.
Үй кеңістікте өте жақсы орналасқан. Сәулетшілер көшеге шығатын қасбетті, үйдің бұрыштық немесе бүйір қырын ұтымды келтірген. Ғимарат көпес Дәулетқадиевтің тұрғын үйі болған. Кеңес үкіметі жылдары әкімшілік ғимарат ретінде қолданылған, атап айтқанда, атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі инспекция орналасты. 1987 жылдан «Гранит» кооперативінің ғимараты. 1990-шы жылдардың ортасынан бастап ғимаратты «Қонай» ЖШС кеңсе есебінде жалға алған.
Кейін оңтүстік-шығыс жағынан жалғастыра қосымша құрылыс салынды. Солтүстік-шығыс қасбетіне тік сызат түскен.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы- XX ғасырдың басы, 1908 жыл
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 126
Ғимарат Алтынсарин және Пушкин көшелерінің бұрышында орналасқан. Кесек тастан жасалған іргетасқа кірпіштен тұрғызылған ғимарат, жертөлесі бар. Аула жақ қасбетінде шығыңқы қабырғасы және кішкене қақпа мен дарбаза болған шығыс бұрышынан жалғасқан қабырғасы бар ғимарат асимметриялы болып келген. Қақпа бүгінде бар, дарбазадан жалғастыра салған құрылыстың терезесін жасаған. Ғимаратта бөлмелер арқылы өтетін кіріп-шығатын үш есік бар. Ғимараттың бұрыштары жоғарғы жағында ернеу пішінін қайталайтын қашаутасты иықшалармен безендірілген.
Ғимараттың жертөлесі екі сатылы, ғимараттың периметрі бойынша созылған пішінделген белдеу - терезе астындағы ернеумен аяқталады. Солтүстік-батыс қасбетінде тікбұрышты, садақты маңдайшалы терезелер орналасқан. Терезелердің астында тікбұрышты қуыстар бар. Қабырғалардың жоғарғы бөлігінен кірпіштен жасалған мәнерлі сәнді белдік өтеді. Қабырғалар көп сатылы ернеумен аяқталады. Қаптал шатыр. Аралықтары кірпіштен жасалған. Екі жаққа ашылатын терезе.
Ғимараттың биіктігі – 3,43 м.