XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы орыстың халықтық сәулет үлгісі. Ғимарат тас сәулеті дәстүрімен салынған. Ғимарат құрылысының тарихы белгісіз.
Ғимаратты 1912 жылдан бастап атақты қостанайлық саудагер Сенокосов үй иесі А.Н. Кеникстен жалға алады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғимаратта губерниялық партия комитеті және комсомол ұйымының губерниялық комитеті орналастырылды. Кейін медициналық кітапхананың ғимараты болды. Қазіргі уақытта Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі орналасқан.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы– XX ғасырдың басы
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 128.
Ғимарат кірпіштен салынған, сыланбаған, іргетасы кесек тастан қаланған. Ғимарат тікбұрышты, солтүстік-шығыс қасбетінде аула жақтан кірпіштен қосымша құрылыс салынған. Ішкі құрылымы бір бірімен байланыспайтын бірнеше бөлмелерден, екі дәліз бен баспалдағы бар холдан тұрады. Ұзындығы 26,5 м болатын негізгі қасбеті Пушкин көшесіне қарайды. Қасбетін XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы орыс халықтық сәулетіне тән тәсілдерді қолданып - қабырғаларының түйісетін бөлігін тігінен иықшалармен және көлденеңінен пішінделген белдеулермен, қашаутастармен бөліп өңдеген.
Бірінші қабаттың терезелерінің деңгейіне дейін жететін кірпіштен қаланған іргесі биік емес. Екі жаққа ашылатын қос терезе, аражабыны ағаштан жасалған.
Ғимараттың биіктігі - 8,5 м. Құрылыс көлемі – 3123, 75 м3