XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы орыстың халықтық сәулет құрылысының үлгісі. Үй сәулет өнері дәстүрінде салынған. Авторы, құрылысшысы белгісіз.
Ғимарат көпес жанұясына арналып тұрғын үй ретінде салынды және сыртқы түрінің салтанаты сол уақыттағы орыс көпестігінің жалпы ұмтылысына сәйкес келді.
Ғимарат 1904 жылы салынған, қостанайлық бай көпес Воищевке тиесілі болды. Кейіннен қалалық биліктің өтінішімен қала иесіне сатылып, реалдық училищенің директорына пәтерге беріледі. 1920-шы жылдардың соңында ғимаратта Мұғалімдер үйі орналасты. Одан кейін ғимаратқа қалалық денсаулық сақтау бөлімі жайғасты. 1989 жылдан Қазақстанның қалалық комсомол комитеті мен қалалық пионерлер ұйымының кеңесі болды, кейінірек ғимаратта қалалық білім бөлімі орналасты.
Қазіргі уақытта бұл жерде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы орналасқан.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі 68, Тәуелсіздік даңғылының бұрышы.
Ғимарат Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының бұрышында орналасқан, негізгі қасбеті кіріп-шығатын есігімен Байтұрсынов көшесіне қарайды.
Екі қабатты, тікбұрышты ғимарат кесек тастан тұрғызылған іргетасқа күйдірілген кірпіштен салынған. Кіріп-шығатын есігі тамбурымен және ішкі басқышымен қасбеті бұрышында шығыңқы орналасқан. Ғимараттың бұрыштары тік иықшалармен ерекшеленген. Қасбеттерді сәнді өңдеудегі негізгі элементтер ернеу мен қабаттардың арасынан өтетін қосарланған және бір белдеулі бедерлі тісмәнерлер болып табылады. Терезенің жақтаулары терезе ойықтарының пішінін қайталайтын тіреуіштер мен садақты маңдайша кенерелі кірпіштен стильге келтірілген жартылай баған түрінде салынған. Иықшалары, іргесі, бірінші қабат аралығы арқылы пішіні әртүрлі тікбұрышты тегіс қуыстар өтеді.
Ғимараттың бұрыштарында бедерлі қораптармен аяқталатын суағарлар бар. Іргесі кірпіштен қаланған, төбесі металл жабынқышпен жабылған. Ғимараттың жоспарлануы дәліздік, бірінші қабаттан екінші қабатқа ағаш баспалдақпен көтеріледі. Ғимарат қасбетінің алдындағы аумаққа кеспе тас төселген.
Жоспардағы өлшемі - 13 х 14 м. Ғимараттың биіктігі – 10 м. Құрылыс көлемі - 1890 м3