Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қалалық қаржы мекемесінің ғимараты (балалар және жастармен жұмыс жөніндегі «Надежда» қоры)

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет үлгісі. Республиканың Солтүстік өңірлеріндегі құрылыс техникасы деңгейін көрсетеді.

Ғимараттың  құрылысы  1912 жылы басталды. Бұл туралы нақты мәліметтер жоқ, бірақ құрылысы шамамен  1913 жылы аяқталған, сондай-ақ әрлеу жұмыстары да 1913 жылы жүргізілуі мүмкін. 1918 жылға дейін қалалық қаржы мекемесі орналасқан, кейін №1 қалалық дәріхана. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қостанай қаласында Мемлекеттік тарихи мұражай топтамасы сақталған. Олардың кейбір бөліктері дәріхананың жертөлесінде сақталған (қалалық қаржы мекемесі).

Жөндеу жұмыстары ғимараттың алғашқы келбетін айтарлықтай өзгерткен жоқ.

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі:  ХХ ғасырдың басы,1913 жыл

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 73

Бір қабатты ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған. Кіреберіс есігі тамбур және ішкі баспалдағымен бүйір бетке қарай шығыңқы жасалған.  Жертөлесі бірінші қабаттан қара түсті қабат аралық ернеумен бөлінген. Қасбеті маңдайша кенере түріндегі сәнді элементпен, қайталанып келетін ақ түсті садақша маңдайшамен безендірілген. Кіреберіс есіктің металл тіреуішті қалқасы бар. Төбесі қаңылтырмен жабылған қаптал шатырлы және кірпіш трубалары бар. Құрылыс негізінен дәліз түрінде жоспарланған. Негізгі қасбетінің ұзындығы – 26 м. Ғимараттың  биіктігі – 7 м. Құрылыс көлемі - 3166,8 м3