Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Облыстық атқару комитетінің ғимараты (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ)

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі соғысқа дейінгі кезеңдегі қоғамдық сәулет ғимараты. 

КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1936 жылы 9 тамызда облыстық  халық депутаттары кеңесі Үйінің немесе сарайының, сол кезде Қостанайда солай атаған құрылысты бастауға қаулы қабылдады (Облыстық атқару комитеті). Совет көшесін бойлай, Толстой мен Ленин көшелері арасында  (Байтұрсынов, Толстой, Әл-Фараби) құрылыс алаңы бекітілді. 1936 жылға облыстық басқару аппаратының штаттық саны  (106 адам, оның ішінде 20-облыстық атқару комитетінен) бекітілді. Құрылысты 1937 жылы аяқтау көзделген.

Алайда КеңестерҮйінің құрылысы ұзақ алты жылға созылып кетті. Барлық уақытта не кірпіш, не ағаш, не цемент, не темір жетіспеушілігі байқалды. Ғимаратты салу кезінде қираған Әулие Никольский Соборының бүтін қалған кірпіштері ішінара пайдаланылды. Тіпті жұмыскерлердің жалпы санынан 40 стахановшы болған жағдайда да белгіленген жоспар орындалған жоқ. 1938 жылы Кеңестер Үйінің жобасы қалалық кеңеске арналғандығы белгілі болды және облыстық мақсатқа сәйкес келмеді. Облыстық атқару комитеті облыстық коммуналдық шаруашылық  ұсынған Кеңестер Үйінің қайта жобалау жоспарын бекітті.

1941 жылдың аяғында Кеңестер Үйінің электрмен және телефонмен жабдықтау қаражаты ұлғайтылды және оны қабылдау бойынша комиссия бекітілді. Барлық жұмыстар 1941 жылдың 12 желтоқсанында  аяқталды. 

Қазір бұл  ғимаратта 1939 жылы негізі қаланған А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті орналасқан (1955 ж. дейін – мұғалімдер, 1955 ж. кейін – педагогикалық институт). 1992 жылы тамызда мемлекеттік университет мәртебесін алды. 1996 жылы сәуірде ҚМУ-не А. Байтұрсыновтың есімі берілді.

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі:  ХХ ғасырдың 30-шы жылдары

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47

Облыстық атқару комитетінің ғимараты төрт тікбұрышты құрылыстан тұрады, оның ішінде үш құрылысы қатарлас «Ш» әрпі түрінде орналасқан. Негізгі, созылған оңтүстік-шығыс қасбеті Байтұрсынов көшесіне шығады. Тартылған қасбеттің біркелкілігін діңмаңдайшалы шығыңқы бөлігі  бұзып тұрғандай.  Сатылы тұғырбеттегі орталық шығыңқы төрт бағаналы діңмайшалы орталық кіреберісті құрайды, шығыңқы аралықпен бөлінген, діңмайша ғимараттың үш қабат биіктігімен бірдей және жатаған қабырғалы  діңмайшамен аяқталады. Жатаған қабырға көлденеңінен шығыңқы ернеумен бөлінген, ернеудің ортасынан үзілген бөлігіне ҚР елтаңбасы таңбабедер түрінде орналастырылған. Қабырғалардың қалған беткі шығыңқы бөліктері қашаутаспен бөлінген, ал екі бағанды діңмайшаның биіктігі екінші қабатпен бірдей. Қасбетінің шығыңқы бөлігінің аралық жазықтығы бірінші және екінші қабаттарды біріктіретін, қабатаралық кенере өтетін кескінделген белдеулер тірелген төрт қырлы ұстынмен тігінен бөлінген. Діңмаңдайша бағаналары, ернеулер, кескінделген белдеулер және төрт қырлы ұстын, терезелермен кезектесіп келген орталық шығыңқы бөлігі  ақ түсті. Қабырғалары мен аралықтары күйдірілген кірпіштен салынған, сыланған және ақталған. Іргетасы ленталы кесек тастан тұрғызылған. Шығыңқы іргесі  гранитпен қаланған. Құрылыс көлемі -  54824 м3