Көп жылдар бойы Қостанай қалалық думасы саябақ жанында кинемотограф ғимаратын салуға шуыл мен қозғалтқыштан пайдаланылған жермайдың шығуы жасыл желектер мен қала тұрғындарының денсаулығына зиян келтіреді деген себеппен рұқсат бермеді.
1909 жылы инженер А. Кастальский қалада тұңғыш тілсіз киноны жабдықталған ғимаратта көрсетті. 1912-1913 жж. «Фурор» кинематографының құрылысы басталса, ал 1914 жылы А.Кастальский Швейцариядан электр қозғалтқышты сатып алып орнатқан.
Кеңес өкіметі жарияланғаннан кейін 1918 ж. қаңтарында осы ғимаратта бірінші уездік атқару комитеті мен Қостанай уездік атқару комиссариатын сайлаған Кеңестің І уездік съезі өтті. Азамат соғысынан кейін халық драма театры орналасты, 1922 жылдан мемлекеттік драма театры болып қайта құрылды. 1937 ж. облыстық театр болды.
Бүгін де театр ҚР халық артисі Вячеслав Колпаковтың, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Антонина Олейникова, Виктор Крепкиннің, сахнаның жетекші шеберлері Раиса Полухина мен Валентина Битюкованың есімдерін мақтан тұтады.
Театрдың бас режиссері – Александр Александрович Лиопа. Жыл сайын театр 8 премьера шығарады. Театр спектакльдерінің жоғары кәсіби деңгейі бірнеше рет республикалық және халықаралық фестивальдердің марапаттарымен дәлелденді.
Театр ғимараты толықтай дерлік жаңғыртылды, ол ғимарат қасбетін, сондай-ақ ішкі жоспарлауды өзгертуге ықпал етті.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 191
Ғимарат биіктігі, аумағы әр түрлі бір-бірімен жапсарласқан үш көлемді құрылыстан тұрады. Жоспарланған құрылымы күрделі. Әкімшілік бөлігі дәліз түрінде, қалғандары – аралас. Ғимараттың негізгі кіреберіс есігі оңтүстік-шығыс жағында орналасқан.
Ғимарат бірнеше ғимараттан тұратын кешенді ұсынады:
4 қабатты қосымша құрылыс (оңтүстік бөлігі) – 2010 жылғы құрылыста қызметтік бөлмелер орналасқан, әр қабатта кіретін және шығатын есігі бар. Екінші қабатта негізгі ғимаратқа шығатын екі есік және 2010 жылы жанама салынған «Театральное» кафесіне шығатын есік бар.
- негізгі ғимарат (шығыс бөлігі) орталық есіктен тұрады, 2 қабатты фойе, екінші қабатында 80 орындық, сахна, дыбыс және жарық операторларының бөлмесімен Кіші зал орналасқан.
Екінші қабатқа 2 баспалдақ арқылы көтеріліп-түсуге болады. 4 қабатты қосымша құрылысқа қарай екі есік бар. Үлкен көрермен залының алдында екі фойе бар. Фойенің биіктігі 7,5 метр. Одан әрі 233 көрерменге арналған Үлкен көрермен залы және сахна орналасқан.
3 қабатты қосымша құрылыс батыс бөлігінде, бірінші қабатта тігін шеберханасы, киім бөлмесі, шаштараз бар. Екінші қабатта – грим жасайтын бөлмелер, шаштараз. Үшінші қабатта көркемдік цех және шатырға шығатын есік орналасқан.
Іргетасы таспалы кесек тастан қаланған. Шатыры көру залының биік көлемінде жазық аздап еңістеу және басқа жерлерінде қаптал шатыр түрінде келген. Ғимарат оңтүстік, батыс және солтүстік тұсынан биіктігі 2,7 м. металл бөгеттермен қоршалған.