Макеров Леонид Николаевич 1922 жылы Киров облысы Лебяжский ауданындағы Комлево ауылында дүниеге келген. 1938 ж. орта мектебінің сегіз сыныбын бітіріп Чкалов атындағы аэроклубында, кейін 1940 жылы Луганск әскери-әуе мектебін бітіріп шыққан. 1942 жылдың тамызынан бастап Западный, Ленинградский және 943-ші шабуыл авиациялық полкінің 1-ші Белорусс мандандарында соғысқан. 20.08.1942 ж. – 15.02.1945 ж. аралығында 133 жетістікті әскери ұшу жасады.
Жетістікті жауынгерлік әрекеттер үшін Л.Н.Макеров Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордендарымен, үш Қызыл Ту, Ленин ордендарымен, «За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией» медальдармен марапатталды.
КСРО Жоғары Кеңес Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Л.Н.Макеровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Л.Н.Макеров Қостанай қаласында өмір сүріп, еңбек етті. 1953 ж. Л.Н.Макеров Қостанай әуежайында диспетчер болып еңбек етті. 1954 жылы Қостанай қаласында қайтыс болды.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіштің мерзімделуі:1954 жыл
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Жеңіс саябағы
Құлпытас тікбұрышты нысанда, қою-жасыл түсті мәрмәрдан орындалған. Жоғарғы бөлігінде алтын түспен қашалған жұлдыз және жазу бар: Кеңес Одағының батыры Макеров Леонид Николаевич 1922 5/06 – 1954 5/10. Бейіт тақтасы, сондай-ақ тік бұрышты нысанда орындалған, граниттен жасалған.