Кеңес Одағы батыры М.В. Карачевтің бейіті (1908 – 1958 )

Карачев Михаил Васильевич Удмурт АССР  Уметь-Гурт ауылында 1908 жылы дүниеге келді. Кеңес армиясына 1941 жылы шақырылды, 1942 ж. наурызынан бастап Әрекеттегі армияда (барлаушы-бақылаушы).

26 маусым 1944 жылы соғысу кезінде Батыс Двина өзенінен Карачев біріншілердің бірі болып қарсы жаққа шығып, дивизионының басқарушысымен байланыс орнатып, өз минометтерінен оқ атты. . Келесі күні Петрачки ауылы жанында М.В.Карачев дұшпандарды айқындап, 212 гвардия миномет дивизиясымен бірге шыққан шабуылда танк, қарулар, зеңбірек, пулеметтер жойылды. 

1945 жылғы 24 наурызда  ҚСРО Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша М.В. Карачев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 

1945 жылғы қыркүйегінен 1958 жылғы наурызға дейін Қостанай облысы Арақарағай орман шаруашылығында жұмыс істеген. 1958 жылы қайтыс болған. Қостанай қаласында жерленген.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіштің мерзімделуі: 1958 жыл  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Нариман бейіті, № 4388

Құлпытас пен ескерткіш болаттан орнатылды. Тақтайшада былай жазылған: «Карачев Михаил Васильевич 1908 – 1958 жж.»

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін238   Кеше265   Бір аптаның ішінде503   Айында6518   Барлығы308781  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі