Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының атақты ұлы, ұлттың рухани көшбасшысы, көрнекті ағартушы, ғалым-түркітанушы, лингвист, қазақ тілі орфографиясының реформаторы, алғашқы қазақ оқулықтарын құрастырушы, ақын, публицист, алғашқы жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің негізін салушы, көрнекті қоғам және саяси қайраткер.
Байтұрсынов тамаша әдебиетші, педагог, лингвист болған. Ол араб графикасына негізделген қазақ жазуын қайта құрып, шетелде тұрған миллиондаған қазақтарға пайдалануға мүмкіндік берді. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінде қолданбайтын таза араб әріптерін алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа емле» («Жаңа орфография») атты жаңа алфавитті Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қазақтар осы кезге дейін қолданады.
Қазақ грамматикасын анықтау үшін қазақ тілінің негіздері мен ғылыми терминология әзірледі.
1913 жылдан 1918 жылға дейін жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің редакторы болды. Оның беттерінде 1917 жылғы шілдеде ұйымдасқан түрде рәсімделген қазақ конституциялық-демократиялық «Алаш» партиясының идеялық алғышарттары жасалған.
1929 жылдың маусымында А. Байтұрсынов ұлтшыл кеңестік жүйеге қарсы қызметі үшін айыпталады, тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді, 1931 жылы өлім жазасы Архангелск облысына 10 жылға жер аударуға өзгертілді.
1937 жылы қазанда А. Байтұрсынов қайтадан тұтқынға алынып, 1938 жылдың 8 желтоқсанында «тап жауы» ретінде атылды. 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Жоғарғы соты А. Байтұрсыновтың ісінде қылмыс құрамы болмағандықтан оны ақтап шықты.
Қостанай Мемлекеттік Университеті, сондай-ақ, қаланың орталық көшелерінің бірі А. Байтұрсыновтың есімімен аталады.
2000 жылы Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде Қазақстанның көрнекті саяси, қоғам және мемлекеттік қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш ашылды.
Ескерткіштің авторы - қазақтың белгілі мүсіншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚСРО еңбек сіңірген өнер қайраткері Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: 2000 жыл.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, ҚМУ алаңы
Ескерткіш А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бас корпусының алаңында орнатылды. Композиция үш бөліктен тұрады: мүсін, тастұғыр және негіз. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері фракта ойланып отырған қалыпта бейнеленген, оң қолына қаламұш ұстап, орындыққа шынтағымен сүйеніп отыр.
Мүсін гранитті блоктармен қапталған мәнерлі тұғырға орнатылған. Тұғырдың жоғарғы бөлігіндегі бет жағында «Ахмет Байтұрсынов» деген жазу жазылған. Тұғыр үш жағынан да ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Тұғырдың негізі бетоннан жасалып, беті мәрмәрмен қапталған.
Мүсіннің биіктігі 2 м, мыстан жасалған. Тұғырдың биіктігі – 95 см.
Материалы – мыс, мәрмәр, бетон.