Бейімбет (Бимұхамет) Жармағамбетұлы Майлин - жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, 1894 жылы 15 қарашада Таран ауданында дүниеге келді. Медреседе (1911 - 1912 жж.), Троицк қаласындағы «Уазифа» мектебінде (1913 ж.), Уфа қаласындағы Галия медресесінде (1913 - 1915 жж.) оқыды.
Б. Майлиннің шығармашылық жолы ақындық шығармалардан басталды. Өлеңдерінде өмір туралы, онда орын алған әділетсіздік туралы, еңбекші халықтың ауыр тағдыры туралы ойлары байқалады. Б. Майлиннің көптеген өлең, поэма, әңгімелерінің кейіпкері - жаңа өмірдің саналы құрылысшысына айналған, бұрынғы жабырқаған жарлы адам. Алғашқы «Маржан» өлеңдер жинағы 1936 жылы шықты. Б. Майлин қара сөз, әңгімелер, драматургияның түрлі жанрының дамуына үлкен үлес қосты. 1937 жылы Б. Майлин қуғын-сүргінге ұшырап, 1958 жылы ақталды.
Ескерткіш 1994 жылы орнатылды. Мүсіншілер: И.М. Большанин, И.Т. Яуфман.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: 1994 жыл
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, вокзал жанындағы алаң
Бейімбет Майлиннің ескерткіші вокзал жанындағы алаңға орнатылған. Жазушы мүсіні қолындағы кітаппен бейнеленген. Мүсін мыстан жасалған, бетон тұғырға орнатылып, мәрмәр таспен қапталған. Тастұғырда орыс тілінде «Бейімбет Майлин 1894-1957» деп қашалып жазылған. Тастұғыр екі сатылы, кеспе тастар төселген алаңға орнатылған.
Көлемі – 90 х 90, Мүсіннің биіктігі – 1,5 м. Тастұғырдың биіктігі – 2 м. Мүсіннің материалы – мыс, тастұғыр - мәрмәр, бетон.