ХХ ғасырдың басындағы Қостанай қ. тарихи құрылыстарының элементі, Ғасырдың басында сәулетте классика тәсілдерімен үйлестіріп эклектика пайдаланудың үлгісі.
Авторы, құрылысшысы, құрылутарихы - белгісіз.
2010 жылдан бастап ғимаратта А. Байтұрсынов мұражайы және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ жанындағы археология мұражайы орналасқан
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш датасы – ХХ ғасырдың басы, 1910 жыл.
Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 66
Екі қабатты, тік бұрышты үй түрінде жоспарланған кірпіштен жасалған, ескерткіш. Кіреберіс есігі шығыс жағынан. Периметр бойынша барлық қасбеттері көп баспалдақты кең ернеумен аяқталады.
Негізгі іргетасының композициясы ассиметриялы. Терезелері пилястрлермен белгіленген, қуыс шаршылармен бөлінген, қабаттар аралығында белбеулері бар.
Есігі және терезелері шұғылалы маңдайшалармен белгіленген. Терезенің ағаштары ақ түсті. Ғимарат бұрыштарында суағарлары бар. Іргетасы таспалы,буттан жасалған. Аралас және өтпелі үй-жайлардан жоспарлау. Кейбір терезе ойықтары салынған.
Жоспардағы көлемі - 9 х 5,8 м. Құрылыстың биіктігі – 3,2 м. Құрылыс көлемі - 3152,8 м