Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың V Республикалық «Жас толқын - 2023» байқауына қатысушылар мен лауреаттардың жұмыстарының көрмесі

12.11.2023
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың V Республикалық  «Жас толқын - 2023»  байқауына қатысушылар мен лауреаттардың жұмыстарының көрмесі

2023 жылдың 10 қарашасында сағат 15:00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың V Республикалық «Жас толқын - 2023» байқауының қорытынды көрмесі ашылды және марапаттау рәсімі өтті. Көрме-байқаудың тақырыбы: «Туған жер жауһарлары».

"Жас толқын - 2023" байқауы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі базасында Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының және ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымының бастамасымен өткізілді.

Биыл «Жас толқын - 2023» байқауына қатысуға 74 өтінім қабылданды. Өтінімдер 16 мен 35 жас аралығындағы жоба қатысушыларынан қабылданды.

Байқауға Қостанай облысынан, Қазақстанның өзге де өңірлері - Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Орал, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан жас авторлар қатысты.

Байқау жұмыстары төрт номинация бойынша бағаланды: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер. Әр номинация бойынша жүлделі орындар анықталып, ақшалай сыйлықтар берілді. Қазылар алқасының мүшелері Бас жүлде жеңімпазын анықтады.

Жұмыстарды бағалау және байқаудың қорытындысын шығару үшін құрамында ҚР Журналистер одағының мүшесі Мария Жұмағұлова; ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-мүсінші Баян Баталова; график, кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сергей Дмитриевич Луговой; Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өнер жөніндегі әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ләззат Төлекова; қазылар төрағасы - график, кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быков сынды кәсіби суретшілер мен бейнелеу өнерінің сарапшысы бар тәуелсіз қазылар алқасы жұмыс істеді.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен орындар келесі тәртіппен бөлінді:

Бас жүлде – Айтуарова Рейхан, Астана қаласы.

«Кескіндеме» номинациясы бойынша

1 орын – Төртқара Мерей, Лисаков қаласы

1 орын – Тимофеев Анатолий, Лисаков қаласы

2 орын – Смыков Дамир, Павлодар қаласы

3 орын – Сисенғазиев Қайсар, Батыс Қазақстан облысы 

«Графика» номинациясы бойынша

1 орын – Мағзұмов Дамир, Көкшетау 

1 орын – Бражник Вадим, Қостанай қаласы 

2 орын – Мусаева Жанна, Көкшетау қаласы

2 орын – Алтенова Толғанай, Көкшетау қаласы

3 орын – Гаус Ангелина, Қостанай қаласы

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша

2 орын – Қайырбек Арайлым, Қостанай қаласы

3 орын – Соляникова Анастасия, Қостанай қаласы

«Мүсін» номинациясы бойынша

3 орын – Маховский Алексей, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы.