2023 жылдың 8 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында педагог, жазушы, ағартушы Спандияр Көбеев туралы әңгімеледі. Телекөрермендерді музей қорындағы құжаттармен және фотоматериалдармен таныстырды.