Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қыстайтын құстар» Сары шымшық күніне орай интерактивті акция

13.11.2023
«Қыстайтын құстар»  Сары шымшық күніне орай интерактивті акция

Облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын қараша айында қыстап қалатын құстарды қарсы алу күніне орай акция өткізеді. Осыған орай, Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейінің оқушылары үшін музей қызметкері А.В.Андрющенкомен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында музей қызметкері біздің өлкеде қыстап қалатын құстардың түрлері: сары шымшық, пайыз торғай, суық торғай, жорғаторғай, шекілдек, самырқұс туралы айтып берді. Акцияға қатысушылар құстардың ормандағы, бау-бақшалардағы атқаратын рөлі, оларға қыста жем беріп қоректендіру керектігі туралы, жем салатын астаудың қалай жасалатындығы және олардың түрлері туралы білді.