2023 жылдың 17 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Ғасыр құрдастары: К. Тоқаев, М. Әлімбаев, Т. Ахтанов» тақырыбында дәріс оқыды. Тыңдаушылар бір ғасырда дүниеге келген қазақ әдебиеті тарихына прозалық, драматургиялық туындыларымен елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгерлеріміздің өмірімен және шығармашылығымен танысты.