Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Үтік

07.04.2021

Үтік - беті тегіс қызатын металл плита және саптан тұратын үтіктеуге арналған құрал. Құрылымы мен қыздыру тәсілі бойынша үтіктер плитаға қойып қыздыратын, шоқ үтік және электрлік үтік болып бөлінеді.

Металл үтіктердің ішіндегі құрастыру, дайындау және жылыту әдісі бойынша ең қарапайымы тұтас құйылған, плитаға қойып қыздыратын,  сабы бекітілген немесе алмалы шойын үтіктер. Мұндай шойын үтіктер пеш, плита немесе басқа қыздыру аспаптарымен қыздырылады. Тұрпайы және ауыр үтік көркем құйма және мәнерлі сабына қарай біршама әдемі болып көрінуі мүмкін. Касли шеберлерінің қолынан (Челябі облысының Касли қаласындағы) мен туладан (Тула қаласындағы Алпатов зауыты) шыққан үтіктер бедерлі өрнектерімен ерекшеленеді. Мұндай үтіктердегі құйма таңба зауыт өнімдерінің жоғары сапасы мен көркем құндылығын растайды. Тұтас құйылған фирмалық үтіктерге салмағы мен өлшеміне қарай нөмір қойылған. Сонымен, ең кішкентай және жеңіл үтіктер №1 болып,  ал ең ірі және ауыр үтіктер №6 болып шығарылды. Ішіне жанған көмір салатын үтік ХҮІІІ ғасырдың ортасында  пайда болды. Шоқ үтіктердің корпусы қуыс, бекітілген топсалы қақпағы болды. Тарту күші жақсы болу үшін бүйірлерінде тесік жасалған, кейде үтікке түтік  те салынды. Суып қалған көмірді қайта тұтату үшін тесіктерден үрлейді немесе үтікті бір жақтан екінші жаққа қозғап, шайқайтын болған. Үтік ауыр болғандықтан үтіктеу  қолдың бұлшық еттері үшін шынықтыру жаттығуларына  айналды.  ХҮІІІ ғасырда «шоқ» үтіктердің өнеркәсіптік өндірісі жолға қойылды: оларды Демидовский, Касимовский және басқа да құйма зауыттары шығара бастады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында үтіктерді ауыл дүкендерінен, көпестерден және қала дүкендерінен сатып алған.  Үтіктер әжелері, әкелері мен аналарынан мұра ретінде қалып отырған немесе жасау ретінде беретін болған және ұрпақтан ұрпаққа берілген.

  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің үтіктер жиынтығы 1980-ші жылдардан қалыптаса бастады. Үтіктердің көп бөлігін Қостанай қаласының тұрғындары сыйға тартылған немесе сатып алынған. Кейбір үтіктерді облыс ауылдарының (Севастопольский, Тоғызақ, Семиозер, Новопокровка, Александровка, Орқаш) тұрғындарынан этнографиялық экспедиция кезінде алынған.