Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Фисгармония. ХIХ ғасырдың соңы

07.04.2021

Фисгармония – тілшікті пернелі музыкалық аспап. Фисгармония кішірейтілген пианиноны еске түсіреді, бүйір қабырғаларында бір-бірден ағаш сабы бар. Ашық фортепианалық пернетақтасы бар. Ноталарға арналған тұғыр «күйдіру» техникасында өсімдік өрнектерімен безендірілген. Тұғыр көтеріледі, төменірек піл сүйегінен жасалған 36 пернеден тұратын регистр мен пернетақта орналасқан. Пернетақтаның қақпағына бұтақ жапырақтарымен күйдіріліп бейнеленген. Фисгармонияның төменгі жағында екі тікбұрышты металл басқыш орналасқан. Басқыштардың шеті өрнекпен безендірілген. Басқыштарда  «CHICACO STOPV CLAPK OPCAN LONDON» деген жазулар бар. Фисгармонияның артқы қабырғасы дыбыстарды реттеу үшін ашылады, «84623» деген сериялық нөмірі бар.

 Фисгармония америкада шығарылған, Қостанай қаласының тұрғыны Рейн Вильгельм Андреевичтен 1993 жылы сатып алынды, бұрын оның атасына тиесілі болған.