Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Фотокор» фотоаппараты

07.04.2021

Музейдің фотоаппараттар жиынтығы бойынша КСРО-дағы фототехниканың даму тарихы туралы толық түсінік алуға болады.
Шығарылған жылдары бойынша «Фотокор» мен «Агфа» көне фотоаппараттар болып табылады, олардың әмбебап тікбұрышты камераларының алдыңғы қайырмалы қабырғасы бар, терісі қосарланып созылады және объективі көлденең және тік бағытта жылжиды. Павильонда суретке түсіру үшін тіреуіш пайдаланған.
«Фотокор» тобындағы фотоаппараттар фотоәуесқойлар арасында 1930-шы жылдары таралды, оны Ленинград қаласындағы Дзержинский атындағы зауыт шығарды. Фотоаппарат қара бояумен боялған металл корпустан, қосарланып созылатын теріден, объективтен, ойығына кассета үлдірмен орналастырылатын күңгірт шыныдан тұрады. Кадрды бағыттауға оптикалық көрсеткіш тетік деңгейлік және жиектеме көрсеткішпен бірге қызмет етеді. Корпусында жылжымалы үшбұрышты ағаш тіреуішке бекітуге арналған ойығы бар.