Арба – Ресейдің Батысы мен Оңтүстігінде ХҮІІ ғасырдан бері белгілі, жолаушылар тасымалдауға арналған төрт доңғалақты жеңіл арба. Музей жиынтығындағы ат арба – екі білікті, солқылдақ темірлі. 2 адамды тасуға арналған. Күймесі шыбықтардан өрілген. Арба толығымен қара бояумен боялған. Осындай арбаларды әдетте украиналық қоныс аударушылар жасаған, Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап 1940-шы жылдарға дейін кеңінен қолданылды.
Шанағы ашық болуы да, жабық болуы да мүмкін, екі эллипстік білікке бекітілген. Жоғарғы жағын теріден, өрілген немесе ағашттан жасаған, кейде оны жылы етіп жасаған; төбесі жоқ түрлері де болған. Арбаға бір ат немесе қос ат жегеді. Делбеші жәшікке немесе жолаушының қасына отыра алады.
1930-шы жылдары жасалған арба музейге Боровской (қазіргі Меңдіқара) ауданының Қасқат кентінен алынды.