Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Самаурындар

07.04.2021

Отбасылық жәдігерлердің ерекше маңызға ие болғандарының бірі де бірегейі самаурындар еді.  Кернейлі және ішінде металл түтігі бар  «шай машиналарын» алғашқы рет XVIII ғасырдың екінші жартысында Оралда шығара бастады. Самаурындар Ресей орталығында ғана емес,   Орта Азияда, қазақ жерінде де қолданысқа енді. Самаурын отбасындағы жайлылықтың,  үй ішінің амандығының, татулықтың символы іспеттес.

Әсіресе Баташовтар, Ломовтар, Тейле фабрикаларының мыс, жез, күміс самаурындары ерекше бағаланды. Бұл самаурындардың тұрқы (сырты) көптеген көрмелердің медальдары және фирмалардың белгілерімен ерекше безендірілетін.

Шеберлер самаурындарды әртүрлі пішінде: құмыра, кішкене бөшке,  ваза, рөмке, банка, жұмыртқа тәрізді жасаған. Сонымен қатар самаурындар көлемі жағынан да ерекшеленді, асханаларға немесе үлкен отбасыларға арналған бірнеше шелек суды қайнататын алып самаурындар және бір стақан ғана су қайнататын кішкентай самаурындар да болды.

Музей жиынтығындағы мыс самаурын ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы деп мерзімделеді. Самаурынның тұрқы «шалқан» пішіндес. Табаны төртбұрышты, одан төрт аяқ шығады. Желтартқышы бедерлі кертіктермен жасалған. Құлақтары тегіс екі тілімше түрінде жасалған және ағаш ұстағышпен біріктірілген. Шүмегі тегіс гүлөрнекті, су ағатын бедерлі бұрандамен аяқталған. Шүмектің кілті ағаш бүршікті «бұтақ» түрінде жасалған. Самаурынның қақпағы ілгек түрінде жасалған екі мыс ұстағыштан тұрады. Қақпағына «Л.А.Аверьяновъ» таңбасы басылған.   Самаурынның ішінде көмір шоғына арналған түтігі бар.