Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Земство шебері П.Титаренконың ағаш механизммен жұмыс істейтін қабырға сағаты.

07.04.2021

Музейдің сағаттар жиынтығындағы земство шебері П.Титаренконың 1919 жылы жасаған қабырға сағаты механизм құрылымы жағынан ерекше қызығушылық тудырады. Тек сырты ғана емес механизмі де ағаштан жасалған, сыртын бекіту үшін ұсақ темір шегелер және механизмнің дөңгелек жүйесіне металл өзекшелер қолданылған. Сырты қарапайым жасалып, лакталған. Циферблаты бар сыртқы бетінен, артқы қабырғадан және екі шыныланған әйнегі бар есіктермен жабылған екі бүйір жақтаулардан тұрады. Қозғалтқыш тетігінде жіңішке сымға ілінген гір пайдаланылған, ол бұрамалы барабанға бекітілген. Циферблатта шебердің аты-жөні, өндірілген орны мен уақыты туралы жазу бар.

П.Титаренко - сағат жасайтын шебер-қолөнерші, Ресейден қоныс аударған.  Сағатты 1934 жылы шебердің өсиеті бойынша жұбайы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырды және музейдің сағаттар жиынтығын құруға бастамашы болды.